Skip to content

“Инклюзивті білім берудің қолжетімділігі және оны сапалы оқыту жолдары” тақырыбында қалалық семинар-практикум

2026 жылдың 25 ақпанында N19 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Астана қаласы әкімдігінің “Әдіскерлік орталығы” МКҚК ұйымдастыруымен “Қоғамдастық мектептер” жобасы аясында “Инклюзивті білім берудің қолжетімділігі және оны сапалы оқыту жолдары” тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Осы семинарға Астана қаласы әкімдігінің “N6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация” КММ басшысы Урстембаева Роза Рахметовна. “Ерекше білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдаудағы ПМПК-ның рөлі” атты тақырыпта баяндама жасады. ПМПК қорытындысы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға оқу бағдарламасын бейімдеу, кедергісіз орта құру және арнайы түзету көмегін ұйымдастыру екендігіне тоқталды.

Ал дефектолог-тифлопедагог  Магауина Кулян Кошуковна “Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың ерекшеліктері” атты тақырып бойынша баяндама оқи отырып, практикалық жұмыстар ұйымдастырды. Көру қабілеті нашар балалардың диагноздарына, соған байланысты жүргізілетін жұмыс түрлеріне ерекше айтты. Семинар барысында оқылған баяндамалардың маңыздылығын қатысушылар атап өтті.