ПМПК қызметінің негізгі бағыттары:
1) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық – медициналық – педагогикалық тексеру;
2) балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар беру;
3) ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін білім беру бағдарламасының түрін белгілеу;
4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының ауытқуларын болдырмау және жеңу, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес беру;
5) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілерге, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының мамандарына консультациялық – әдістемелік көмек көрсету;
6) білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтері туралы ақпарат ұсыну мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды уақытылы анықтау бойынша бірлескен жұмыс;
7) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың есебін жүргізу және жиынтық есептілікті қалыптастыру.
KZ










