Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Астана қаласының № 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара № 6 ПМПК басшысы мен мамандарының құттықтау сөзімен басталды. Олар балаларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, табыс және алаңсыз балалық шақ тіледі.
Қатысушылар үшін байқаулар өткізіліп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қимылды ойындар ұйымдастырылды.
Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.










KZ
