Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 1-1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер; 1-2) Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған немесе асырап отырған отбасылар;
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
Жас бойынша зейнеткерлер;
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған жағдайда, олардың жасы мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіне ұзартылады;
Қандастар;
Экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшу дайындығы немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;