Skip to content

Bolashak Charity

4 сәуірде Астана қаласында Bolashak Charity қоғамдық қоры ұйымдастырған Autism Talks жыл сайынғы кездесуі өтті. Іс-шара Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай ұйымдастырылды. Ашық алаңда спикер ретінде «№6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-нің басшысы  Урстембаева Роза Рахметовна ерекше балалардың әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуіне және олардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған мәселелерді талқылады.