Skip to content

Құрметті ата-аналар, қадірлі әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, амандық, бақ-береке, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз. Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, еліміздің Мемлекеттік Туы әрдайым биікте желбірей берсін!

Бірлік пен ынтымақтың, адал еңбек пен Отанға деген сүйіспеншіліктің арқасында еліміз Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктер мен жеңістерге жете беретініне сенімдіміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!