18 ақпан 2026 жылы “Қоғамдастық мектептер” жобасы аясында N19 жалпы орта білім беретін мектепте “Инклюзия және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларды бейімдеу” тақырыбында жиналыс өтті. Мақсаты: табысты инклюзия үшін мектеп, ата-аналар мен мамандар арасындағы өзара байланысты қалыптастыру. Жиналысқа біздің ПМПК атынан дефектолог Магауина К.К қатысып, “Инклюзивті білім беру жағдайдағы оқытудың ерекшеліктері” тақырыбында баяндама жасады. Маман инклюзияның мақсаты мен өзектілігі, баланың сәтті білім беру интеграциясы үшін отбасын бейімдеудің маңыздылығы туралы айтып, ЕББҚ бар балаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.


KZ
