Skip to content

Сенбілік

25 сәуір қалалық сенбілік ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған ауқымды республикалық акция. Бұл науқан елді мекендерді абаттандыру, тазалау, ағаш отырғызу және экологиялық сананы арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізіледі. Бұл бастама – әрбір азаматтың туған өлкесінің тазалығына жауапкершілікпен қарауын талап ететін – таза орта мен жарқын болашаққа бағытталған жоба.
Біздің мекеменің қызметкерлері де осы жобаға бір кісідей қатысып, сенбілікке шықты.